Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Қырғыздар Қытай компаниясының кетуін талап етті

Нарын облысының губернаторы Аманбай Кайыпов халықпен келіссөз жүргізу үшін Солтон-Сарыға аттанған.Нарын облысына қарасты Солтан-Сары кеніне шамамен 50 адам жиналды. Комбинатты қытайдың «Жоржи Майнинг» компаниясы салып жатыр, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Жиналған халық қытай компаниясының Солтон-Сарыдан кетуін талап етті.

Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, кен маңында жанжал болып, жергілікті тұрғындар компанияның бір қызметкерін соққыға жыққан. Нарын облысының губернаторы Аманбай Кайыпов халықпен келіссөз жүргізу үшін Солтон-Сарыға аттанған.

Бұның алдында, 4 тамызда осы жерде шамамен 30-ға жуық малшы пикет өткізіп, қытай компаниясын айыптаған.

Сол кезде Нарын ауданы әкімінің орынбасары Жаныш Ибраимакунов болған оқиғаға құқықтық баға берілетінін ескерткен.

Қытайдың «Жоржи Майнинг» компаниясы халықпен байланыс бөлімінің қызметкері Малик Камиловтың хабарлауынша, бір күн бұрын кенде болған жағдайға қатысты кінәлі деп танылған жағдайда, компания жауапкершілікті көтеруге дайын.

Еске салайық, 3 тамызда Солтон-Сарыда жергілікті тұрғындар мен компания өкілдері арасында жанжал болып, Оттук ауылының екі тұрғыны зардап шеккен. Қазір олар ауруханада жатыр. Қытай компаниясының 12 өкілі Нарын аудандық Ішкі істер бөлімінде тергеуден өтіп жатыр.

Комментарий