Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Заң солай: Сот төрешісі “Тальго” жолаушысын зорлағандарға жеңіл жаза бергені үшін ақталды

Процесс барысында прокурор екі рет ауысты. Оның әрқайсысы дайындығымен, айыпту қолдауға деген ерекше құлшынысымен ерекшеленген жоқ. Бұл туралы “Время” газетінеҚостанайдың сот  төрешісі Сатыбалды Оразбай мәлімдеді. Оны жолаушыны зорлады деп айыпталған пойыз жолсеріктеріне аса жеңіл жаза берді деп айыптауда.

Еске сала кетейік, айыпталушының әрқайсысы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің негізінде жасалған айыптау үкімі қарама-қайшы болды! Онда айыпталушылар топтық зорлау үшін айыпталуда, бірақ керісінше – әр айыпталушының жеке қылмыстары туралы, яғни бір-бірінен мүлде бөлек әрекеттер туралы айтылды. Айыптаушы тарап олардың бір-біріне ықпал еткендігі туралы дәлелдер келтірмеді. Бірақ екі эпизодтың арасында 30 минуттық уақытша айырмашылық бар. Яғни, сотталушылардың “топтық әрекеті” дәлелденбеді”, – деді Сатыбалды Оразбай.

Ол белсенді емес прокурорларды, сұрақ қою былай тұрсын, қорғаушыларға қарсы тұра алмаған прокурорларды сынға алды.

“Қорғаушы тарап өте белсенді болды: Бірнеше өтініш берді. Оның әрқайсысында контраргументтер мен дәлелдер болды”, – дейді судья процесс жайлы.

Оның айтуынша, шешім ҚК 55-бабы, 2-бөліміне сәйкес, егер жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаса, сот ең жоғарғы жазаның жартысынан көбіне жаза тағайындай алмайды (бұл жағдайда бес жыл), яғни ол 2,5 жылды құрайды.

Айта кетейік, айыптаушы тарап, бір ғана ауырлататын жағдайды – алкогольге мас болғанын айтты. Оның өзі бір ғана айыпталушыға қатысты. Бірақ ол ештеңемен дәлелденген жоқ. Одан бөлек, істе оның сау болғаны туралы медициналық анықтама бар. Сонді құжат бойынша, ауырлататын мән-жай жоқ.

Сонымен қатар жеңілдетілетін мән-жайды – кіші балаларының болуы, бұрын сотталмағандығы, жұмыс орнынан жақсы мінездеме болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Ол үкімнің әлі заңды күшіне енбегенін, айыпталушылар қамауда отырғанын айтты.Үкімге облыстық сотта шағым жазуға болады.

Комментарий