Саясат | Политика

Тоқаев Сағынтаевқа «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Комментарий