Қоғам | Общество

Еліміздің батысы мен шығысында ауа райы тұрақсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады – кей жерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Республиканың басқа бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстанның кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Атырау облысында таңертең және күндіз кей жерінде дауыл, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Комментарий