Экономика

Смартфондардың әлемдік сатылымы 2,5%-ға төмендейді

Смартфондардың әлемдік сатылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2,5%-ға — 1,5 млрд данаға дейін қысқарады, деп болжайды Gartner зерттеу компаниясы.

Ең жоғары төмендеу қарқыны Жапонияда (-6,5%), Батыс Еуропа мемлекеттерінде (-5,3%) және Солтүстік Америка мемлекеттерінде (4,4%) тіркеледі. Бұл осы өңірлердегі нарықтардың жетілуіне және жоғары бағаның өсуіне, сондай-ақ ескі телефондарды жаңа модельдерге ауыстыруға ынталандырудың болмауына байланысты.

Сонымен қатар, 2020 жылы компания сарапшылары смартфондардың әлемдік нарығын қалпына келуінкүтуде, соның нәтижесінде жеткізілімдер 2,8%-ға артып, 1,56 млрд данадан асып түсуі мүмкін.

2019 жылы смартфондардың әлемдік сатылымдары (млн дана):

Шығыс Еуропа — 45,043
Азия-Тынық мұхиттық дамушы елдер — 168
Еуразия — 49,695
Қытай — 411,095
Латын Америкасы — 125,675
Азия-Тынық мұхиты аймағының дамыған елдері — 30,062
Таяу Шығыс және Африканың солтүстігі — 76,336
Солтүстік Америка — 166,51
Қалған Африка — 90,104
Батыс Еуропа — 139,421
Жапония — 31,722
Барлығы — 1517,83

7kun.kz

Комментарий