Құқық | Право

Жасөспірім 6 жастағы баланы 10 қабаттан итеріп жіберді

Мамандар 5 қабатты ғимараттың шатырына құлаған баланы шұғыл жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізді.

Лондонның Тейт Модерн мұражайында сұмдық оқиға орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24 арнасы».

17 жасар жасөспірім 6 жасар баланы 10 қабаттан итеріп жіберген. Мамандар 5 қабатты ғимараттың шатырына құлаған баланы шұғыл жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізді. Дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын айтады. Ал қаскөй тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оның бұл қадамға не себептен барғаны белгісіз. Белгілі болғандай, ол 6 жасар баланы танымайды. Тергеу ісі басталды. Оқиғадан кейін мұражай жұмысын тоқтатып уақытша жабылды.

sn.kz

Комментарий