Әлемде | В миреБез рубрики

Instagram істемей қалды

Instagram әлеуметтік желісі бүгін таңғы 8:00-ден бері көптеген мемлекеттерде істемей тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polit.ru басылымына сілтеп.

Әлеуметтік желінің жұмысындағы іркіліске әсіресе АҚШ, Бразилия, Бельгия, Нидерланды және Франция мемлекеттерінің тұрғындары көп шағымданған. Бұл жағдай сонымен қатар Германия, Мексика, Польша, Ұлыбритания, Сербия, Чили, Жапония және Малайзия елдерінде де байқалған.

Пайдаланушылар негізінен лентасын жаңарта алмағандықтан (38 пайыз), жарияланым жүктей алмай (34 пайыз), сториз қарай алмағандықтан (27 пайыз) шағым айтқан.

Бұған дейін қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін телефонға арнайы қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылған. Сертификат болмаған жағдайда жекелеген интернет-ресурстармен мәселе болуы мүмкін екені хабарланған.

Комментарий