Талқыдағы тақырып

Қазақ деген аты ғана қалған мәңгүрттер есіме түсті..

Украина мен Қазақстанда болған аштықтан кейін 1937 жылы бүкіл елде жаппай санақ жүргізілген. Сол санақтың қорытындысын құпия ұстап, сол кезде санақ жүргізген адамдарды түгел атып тастапты. Тек 1939 жылғы санақта ғана ақырындап жариялай бастаған. Голодоморға дейін украиндардың саны 81 миллион болса, орыстар 65-ақ миллион адам болыпты. 18 миллион адам аштықтан өліп, украиналықтардың саны екі есе азайған. Жан сақтау үшін Ресейдегі украиналықтар ұлтын өзгертіп, ұрпақтары түгелдей мәңгүрттеніп кетті. Ресейдің оңтүстігінде – Краснодар мен Ростов облысында кезінде украиндар тұрған. Кейін оларды «орыс» деп жазып жібереді. Солардың мәңгүрттенген ұрпақтары өткен жолы Қырым мен Донбасқа бірінші болып басып кірді. «Жауыңды жеңгің келсе, алдымен оның ұрпағын (жастарын) өзіңше тәрбиеле» деп бекер айтпаған. Біздің жастарымыз да қазір орысша шүлдірлеп жүр. Олардан өскенде қандай патриот шығады, білмеймін! Баяғыда бір ауылдан итпен будандасқан қасқырдың күшігін көргем. Құртқасы бөлтірігін тастап қашқан ғой. Сол кезде аңшылар қуып жүріп күшігін ұстап алыпты да, қолға үйретіпті. Кейін соны бір топ итпен қасқырға салды. Иттер қасқырды індетіп қуып, ақырында оны жабылып жүріп өлтірді. Сол кезде Көкжал дейтін әлгі будан өлген қасқырдың денесін ұзақ уақыт бойы айызы қанғанша жұлмалап, көз алдымда әбден тістеледі. Қасқыр деген аты ғана қалған соны көргенде, қазақ деген аты ғана қалған мәңгүрттер есіме түсті..

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий