Құқық | Право

Дау кезінде өз-өзін ұстай алмаған: Алматы облысында ер адам ата-анасын пышақтады

Алматы облысында ер адам ата-анасын пышақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patrul.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әке-шешесімен сөзге келіп қалған кісі қамауға алынды. Ер адамның анасы дүниеден озып кетті, дәрігерлер әкесінің өмірін сақтап қалу үшін тырысып жатыр.

“Қылмыс үйде жасалған. Ер кісі дау кезінде өз-өзін ұстай алмай ата-анасын пышақтаған. Әйел алынған жарақаттардың кесірінен оқиға орнында қаза тапты. Дәрігерлер әке өмірі үшін күресіп жатыр. Қылмыс жасаған адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде”, — ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Комментарий