Құқық | Право

Алматылықтар коммуналдық қызмет үшін неге артық төлейді, Сағынтаев анықтады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-те қаладағы коммуналдық қызметтер мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

“Тұрғын үй қорын ұстау мәселесін қарадық. Шешу қажет өзекті мәселе -қаланың барлық аудандарында иесіз коммуналдық желілердің болуы. Бұл мәселедегі кейбір мәселенің шешілмеу салдарынан тұрғындар су, жарық, жылу тарифтеріне қосымша ақы төлеуге мәжбүр.

Сондықтан Масабаевқа (энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы) жыл соңына дейін “Алматы Су”, “Алматы жылу желілері”, “Алатау Жарық Компаниясы” теңгеріміне барлық иесіз желілерді беруді тапсырды.

Қала тұрғындары келіспейтіндіктен, ал кейбір жерлерде қалалық қызметтердің әрекетсіздігі салдарынан зардап шекпеуі керек”,-делінген жарияланымда.

Комментарий