Құқық | Право

Анасы далаға қарай жүгірген: Алматыда 3 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Алматыда 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Болжам бойынша, кішкентай бала төменге қарай байқаусызда ырғып кеткен. Биіктіктен құлап басынан ауыр соққы алған бүлдіршін жедел жәрдем жеткенше тілге келместен көз жұмған.

Көпқабатты үйде тұратын көршілерінің айтуынша, 3 жасар бала жерге құлаған соң анасы далаға қарай жүгірген. Ол ұлының терезе жақтауына мінгенін байқамаған көрінеді.

Бала құлаған жерде терезенің торы да жатыр. Қазір жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Комментарий