Әлемде | В миреҚұқық | Право

Канелломен жұдырықтасқан боксшы туған қызын бірнеше рет зорлаған

Ол жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест бар.

48 жастағы аргентиналық боксшы Карлос Бальдомир туған қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды, деп хабарлайды sputniknews.kz

orldboxingnews.net мәліметінше, сот орта салмақтағы экс-чемпионның өз қызын 8-9 жасында бірнеше рет зорлағанын дәлелдеді.

Карлос Бальдомирдің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына 2016 жылы арызданған, бірақ тек 2019 жылы Санта-Фе соты үкім шығарып, боксшыны 18 жылға соттады.

Сотта ер адам тәртіпсіздік көрсетіп, жұртқа ортаңғы саусағын көрсетіп, балағат сөздер айтқан.

Карлос Бальдомир – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Ол спорттағы карьерасын 2014 жылы аяқтады. Кәсіптік бокста 49 рет жеңіп, 16 жекпе-жекте жеңілген. Ол жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест бар.

Комментарий