Құқық | Право

«Менің өліміме кінәлі адамдар…»: Алматыда жас жігіт белдігіне асылып қалды

«Біреудің үйінде балаларыммен жалтақтап өмір сүрудің қандай қиын екенін білсеңіздер ғой. Күйеуімнің жүрген жүрісі анау, балаларға бір тиын беріп көмектеспейді, хабарласпайды да. Төркініме бара алмаймын, 4 баланы құшақтап төркініме қалай сыямын. Маған қандай ақыл айтасыздар?»
Ақтаудағы көше ортасында жыныстық қатынасқа түскен еркек пен әйелдің кім екені анықталды
«Түнде бұрынғы жігіттеріммен қалай болғанымды сұрайды»: алматылық келіншек күйеуін төсекте…

Алматыда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

21 жастағы азамат балконда өзінің белдігіне асылып, көз жұмған. Өлерінің алдында хат  қалдырған жігіт өліміне кімнің кінәлі екенін жеткізді. Соңғы уақыттары бопсалаушылардың ойыншығына айналған Елдос тіпті кімнің көмектесетінін де айтуды ұмытпаған.

«Менің өліміме кінәлі адамдар: Ерасыл, Гриша, Сұлтан және қасындағы балалар. Оларды табуға Мұхамед көмектеседі», – деп жазған.

Інісінің қиын жағдайға тап болғанын білмеген Индира Әбдіразақова мұң-мұқтажын түсінуге тырыспағанына өкінеді. Сағат кешкі ондар шамасында баласымен серуендеуге шығып, қайтып келгенде інісінің өлі денесін тапқанын айтады ол.

«Талып қалды екен деп ойладым. Елдос не болды деп қарасам, тілі шығып кеткен. Басында біреу ұрып кетті ме деген болжам да жасағанмын. Кейін белдікті көрдім. Бір күн бұрын ұрып кетті, пышақ тақады дегенді кішкентай бала естіген екен», – дейді Индира Әбдіразақова.

Ал анасы Елоспен сөйлескен адамдардың соңғысы. Жігіт өлер алдында жақын адамына телефон соғып, жақсы көретінін айтқан. Ал анасы ұлының бұл әрекетіне мән бере қоймаған көрінеді.

«Анашым мен сізді жақсы көремін деді де, дауысы біртүрлі шықты. Осыдан кейін жаным, мен де сені жақсы көремін, қазір сәлден соң хабарласамын дедім. Сөйтсем, бұл соңғы қоштасуы екен ғой», – дейді марқұмның анасы.

Комментарий