Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | Новости

2019-2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі жарияланды

2019-2020 оқу жылына арналған гранттар тізімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап

Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі автоматты жүйе арқылы белгілі болатынын жеткізген. Министрлік грант тағайындау толығымен қадағаланып, адал түрде өтетінін айтты.

“Гранттарды үлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процестерді бақылады”, – дейді білім және ғылым министрлігі.

2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдай отырып, өзінің болашақ мамандығын айқындайтын болады. Соңғы үш жылдағыдай “Алтын белгі” иегерлі жалпы конкурсқа түсіп, балы тең түскен жағдайда ғана “Алтын белгі” иегеріне басымдық беріледі.

“Сонымен қатар, үш жылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі”, – дейді білім және ғылым министрлігі.

Байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан көруге болады.

 

Комментарий