Шулы іс | Громкое дело

Тальгодағы адам зорлау: ҚТЖ жәбірленуші қыздан кешірім сұрады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Тальго» пойызында зорланған жолаушыға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол болған оқиғаға өкінетінін білдіріп, өзінің және компания атынан кешірім сұрайтынын айтты.

“Бұл жолсеріктердің өрескел әрекеті. Жолаушыларды қауіпсіз тасымалдаудың орнына олар қылмысқа жол берді. Бұл қылмыс. Тек жолаушы ғана зардап шегіп қоймады, сондай-ақ жолсеріктер мен қызметкерлердің де беделі түсті. Олар тиісті жазасын тартады деп ойлаймыз. Тағы да кешірім сұраймын. Ендігіде мұндай жағдай қайталанбайды”, – деді Әлмағамбетов.

Еске салсақ, 2018 жылы қыркүйек айында Ақтөбе облысының тумасын “Тальго” пойызында екі жолсерік зорлап тастаған. Ол бұл туралы “НеМолчи.kz” қорына көмек сұрап жүгінген еді. Дина Смаилова қыздың оқиғасын өз желідегі парақшасында жариялаған болатын.

Жолсеріктер Үмбетәлиев пен Құрманиязов жолаушыны зорлады деп айыпталып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Комментарий