Шоу бизнес

Әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуін уақытша қамауға алды

Әйелі әнші Ксения Ашиғалиеваны ұрып-соқты деп айыпталған Jackpot тобының гитарисі Бауыржан Ашиғалиев қамауға алынды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Азамат Бауыржан Ашиғалиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын арада ол сотқа дейінгі тергеу мерзіміне алдын-алу шарасын таңдау туралы сотқа ұсынылады”, – делінген хабарламада.

Әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің өзін ұрып, өлтіруге әрекет жасады деп айыптағанеді. Facebook пен YouTube-те «Немолчи.kz» қоғамдық қорының беттерінде бейнехабарлама жариялады.

Айтуынша, оның күйеуімен үйленгеніне жеті жыл болды. Осы уақыт аралығында күйеуі оны ұрып-соғып, ақы алып, әр қадамын бақылап отырған.

Бауыржан Ашиғалиевтің өзі айыпты толығымен жоққа шығарады.  Ол әйелінің денесін өзі көгертіп, жарақатты қолдан жасағанын айтты. Бауыржан жұбайын балаларды көруге рұқсат бермейді деп айыптады және өзіне шабуылы туралы ойдан құрастырды деп сендірді.

«Ол ажырасуға өтініш бергенде, екі баламызды менен жасырды. Мен балаларды қатты жақсы көремін, олармен уақыт өткіземін. Мен жақсы әкемін және балаларға қарауға онымен бірдей құқығым бар”, – деді ол.

Бауыржан Ашиғалиев полицияға жұбайы туралы қарсы арыз берген. Ол сонымен бірге балаларды бірігіп қамқорлыққа алуға ниетті

Комментарий