Құқық | Право

«Марқұмның ішін тіліп, ішек-қарнын алып, қайта тігіп қойған»: әскери бөлімдегі сарбаздың өлімі күдік туғызды

Жауынгердің қазасынан кейін марқұмның отбасына материалдық жәрдем де бермеген. Ол үйдің үлкен баласы болған, әкесіз өскен екен.

Түркіменстанның Ауғанстанмен шекаралас аумағында орналасқан әскери бөлімдегі сарбаздың өлімі күдік туғызып жатыр. Сулейман Оразовтың сүйегі жақындарына 26 шілдеде берілген, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

«Туысқандарына 25 шілдеде қоңырау шалып, ұлының уланып қайтыс болғанын хабарлаған. Марқұмның ішін тіліп, ішек-қарнын алып, қайта тігіп қойған. Бас сүйегі де тігілген», – дейді Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі.

Жауынгердің жақындарының бірінің айтуынша, марқұмның арқасында бірнеше тесік болған, оларды шүберекпен бітеп қойған. Түркіменстан қорғаныс министрлігі және ІІМ өкілдері сүйекті алып келгенде, бұл жәйттарға ешқандай пікір білдірмеген. Сондықтан мақұмның туыстары оның уланып қаза тапқанына сенбейді. Олардың болжауынша, жауынгерге оқ тиген болуы мүмкін.

Жауынгердің қазасынан кейін марқұмның отбасына материалдық жәрдем де бермеген. Ол үйдің үлкен баласы болған, әкесіз өскен екен.

Түркіменстан қорғаныс министрлігі бұл туралы түсініктеме беруден бас тартты.

№2108 әскери бөлімшесі Ауғанстанмен шекарада орналасқан. Бірнеше жылдан бері Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөздері ол жақта жиі атыс болатынын, шекарашылардың өлімі жайында хабарлап келеді.

 

Комментарий