Экономика

ТМК-ні цифрландыру экономикаға 2 трлн теңге әкеледі

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитетінің төрағасы Қанат Баитов тау-кен металлургия кешенін (ТМК) цифрландыру жоспарлары туралы айтып берді.

«Тау-кен және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 2018 жылдан 2025 жылға дейін 1,7 трлн теңге сомаға 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оларды іске асырудан экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 2,2 трлн теңге деңгейінде күтілуде. Қазіргі уақытта 1,37 трлн теңге сомасына 79 жоба аяқталды, ол 2025 жылға дейін 1,75 трлн теңге нәтиже береді», — деді Қанат Баитов.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ІІ жартыжылдықта, 70,3 млрд теңгенің 53 жобасын аяқтау жоспарланып отыр.

«ТМК ЖІӨ-нің шамамен 6,7%-ын, өндірістің 25%-ын және экспорттың 24%-ын құрайды. Одан әрі Индустрия 4.0 технологияларын енгізу арқылы өндірістік және көліктік шығындарды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыру мүмкін болады. Бүгінде саланың ірі компаниялары өз даму стратегияларын қалыптастырды және Біз цифрландыру мәселелерінде оң өзгерістер көріп отырмыз», — деді Баитов.

Комментарий