Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Арыстағы оқ-дәрілер басқа жерге көшірілуде

Ведомствоның мәліметінше, министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаевқа өңірдегі жедел жағдай, Арыс қаласына іргелес аумақтарды оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту, оқ-дәрілерді шығару және жоюды ұйымдастыру, құрама жасақ әскери қызметшілерінің ротациясы, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі атқарылған іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндалды.

Арыстағы әқ-дәрі қаладан 60 шақырым жердегі арнайы орынға шығарылуда.Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, министрлік басшысы Нұрлан Ермекбаевқа өңірдегі жедел жағдай, Арыс қаласына іргелес аумақтарды оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту, оқ-дәрілерді шығару және жоюды ұйымдастыру, құрама жасақ әскери қызметшілерінің ротациясы, сондай-ақ әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі атқарылған іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндалды.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай салдарын жою бойынша құрама жасақтың күші және құралдарымен қоймалар мен Арыс қаласының аумағына іргелес аумақтарда оқ-дәрілердің фрагменттерін іздестіру және анықтау, оқ-дәрілердің шығарылуын ұйымдастыру, әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар бойынша іс-шаралар орындалуда.

«Оларды жою мақсатында Арыс қаласынан (60 км) қауіпсіз қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған орында оқ-дәрілердің фрагменттерін шығару жалғасуда. Әскери сарапшылар 1200-ден аса шаршы километр аумақты тазартты.  Соңғы аптаның ішінде полигонда оқ-дәрілердің 3364 фрагменті жойылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша төтенше жағдай салдарын жоюға бірінші болып атсалысқан құрама жасақ әскери қызметшілерінің ротациясы өткізілді. Ауысымға Арыс қаласы мен арсеналға іргелес орналасқан аумақты оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту жөніндегі шараларды орындауды жалғастыратын жеке құрам келді.

Жұмыс нәтижелері бойынша Нұрлан Ермекбаев азаматтық тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты одан әрі тазарту бойынша жұмыстардың сапалы өткізілуі мен 90%-ы Арыс қаласының тұрғындары болып табылатын әскери қызметшілердің қалыпты тыныс-тіршілігі үшін жағдайды жедел қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.

Комментарий