Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Суханбердиеваның кенже ұлының қазасының мән-жайы белгілі болды

Алматы облысында төрт жасар бала бассейнге батып кетті. Бұрынғы білім вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұлының қазасының мән-жайы белгілі болды.

Қайғылы оқиға бейсенбі Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында болған. Сағат 22:10 кезінде Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөліміне үйдің ауласындағы бассейнге кішкентай баланың батып кеткені туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына келген Іле ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған баланың үйдің маңындағы бассейнге құлап, батып кеткенін анықтады», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы білім вице-министрінің кенже ұлы көз жұмғанын, оның бассейнге батып кеткенін хабарлаған еді.

Суханбердиеваның екі үлкен қызы (26 және 17 жас) және тағы бір 7 жасар ұлы бар. Екі апта бұрын бұрынғы вице-министрдің үстінен қозғалған іс бойынша сот өтіп, оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатқан болатын.

Комментарий