Судья мінбері | Судебная система

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты туралы

Алғашқы рет жұмысын 1972 жылы бастаған Алматы қаласының Әуезов аудандық соты кезінде республиканың базалық соты ретінде танылды. Бұған 1995 жылы аталған соттың сот төрелігін жүзеге асыруда республика көлемінде ең үздік болғаны дәлел. Мұндай жетістікке соттың білгір де, білікті, тәжірибелі судьялары еңбегінің нәтижесінде жеткені анық. Сот ашылғалы кәсіби судьялардың бір­ неше буыны алмасқаны да ақиқат. Ардагер судьяларды айтар болсақ, қазіргі жастар А.Ахметова, И.Бексұлтанов, Е.Канаданов, А.Махамбеталиев, К.Жұмаділов, С.Мазуров, С.Дәрібай, Т.Дәуітқұлов есімдерін ерекше ілтипатпен атайды.

Әуезов аудандық сотының ғана емес, ғимаратының да тарихы терең. Ең алғаш 1974 жылы көшіп келген сот органы содан бері сан буынды алмастырып, осы ғимаратта халыққа қызмет етуде. Әуезов аудандық соты бүгінде қылмыстық істерге маманданған, оның құрамында 5 судья, ал, аппаратта 13 маман бар. Судьялардың дерлігі тәжірибелі деуге болады, яғни, басым көпшілігінің судьялық өтілі 20 жылға жуық.

Сот саласындағы игі істер мен тың бастамалардың ең алғаш осы сотта жүзеге асырылғаны да бір тарих. Мысалы, республи­ка бойынша тұңғыш рет Әуезов аудандық сотының базасында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді бөлудің автоматтандырылған бағдарламасы енгізілді. Бұған қоса ратификацияланған халықаралық шарттар мен ҚР заңнамасын жүзеге асыру мақсатында Алматының Әуезов және Алматы облысының Қарасай аудандық соттарында ювеналды әділет пилоттық жобасы іске қосылды.

Жобаны нәтижелі жүзеге асырған Әуезов аудан­дық соты судьяларының тәжірибесі, нақты айтқанда, баланың тұрғылықты жерін анық­тау, сондай­ ақ, ата аналық құқықты шектеу және қалпына келтіру, баланы асырап алуға қатысты дауларды қарау жөніндегі тиімді тәсілдері Астана мен Алматы қалаларындағы мамандандырылған ауданаралық соттардың жұмысына енгізілді.

Аталған сотта сот жұмысының тиімді әрі жедел атқарылуымен қатар, онда келуші азаматтарға барлық жағдай жасалған. Сот залдары заманға сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған. Мұндағы қыз­ меткерлердің басты мақсаты – әділ төрелік пен халыққа адал қызмет ету. «Азаматына қарап ауылын, басшысына қарап елін таны» деп халқымыз айтқандай, сот төрағасы Қа­нат Қадірұлы үлкенге де, кішіге де құрметі бірдей, білікті басшы. Бұдан 27 жыл бұрын Ленин аудандық сотына судья болып келсе, содан бері осы салада еңбек етіп келеді. Судьялық жолында Тараз қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен Талдықорған қалалық сотына төрағалық етті. Ұжымның ақылшысы Ерхан Нұханұлы да 30 жылға жуық судья болса, соның жартысынан көбін Алматы қаласының Медеу, Түрксіб аудандық соттарын және Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөнін­ дегі апелляциялық сот алқасын басқаруға арнады. Ол «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалінің, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би», «Мінсіз қызметі үшін» ІІ­ дәрежелі төсбелгілерінің иегері. Судья Гульзат Шардарбекованың осы сотта еңбек еткеніне 20 жылдан асты. Қашанда жастардың қамқоршысы болып жүретін Гүлзат Игенқызы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Мақсат Сейдахметов те тәжірибелі судьялардың бірі. Ол 1999 жылдан бері судья. Өзінің ұзақ жылдық тәжірибесінде Ақмола облысы Бурабай ау­дандық сотының төрағасы қызметін атқарды. Ал, судья Динара Джузбаева соттағы алғашқы еңбек жолын осы жерде маман болып бастаған. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Жарлығымен 2015 жылы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Тағы бір тоқтала кетерлігі, «Соттың айнасы – кеңсе» деген теңеу бекер айтылмаса керек. Яғни, кеңсе жұмысының ұтымды ұйымдастырылуы қашанда сот төрелігіне халық сенімін одан әрі нығайтпақ. Осы тұрғыдан алғанда Әуезов аудандық соты­ның кеңсе меңгерушісі Арсен Бегманов соттың барлық ұйымдастыру жұмыстарын дөңгелентіп жүрген маман. Әуезов аудандық соты ұжымының басты ұстанымы Елбасы алға қойып отырған халық пен мемлекетке қызмет ету – бәрінен жоғары қағидасын діске асыру.

Комментарий