Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлықты жою жалпыға ортақ міндет

Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие екенін нықтап, жемқорлықтың жай құқық бұзушылық еместігін үнемі алға тартты. Осы жерде әйгілі жазушы Шерхан Мұртазаның: “Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп – жемқорлық, парақорлық, ұрлық қарлық” – деген аталы сөзін еске алсақ, шынында да, жемқорлық – ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер, бір адам, бір елге ғана емес, жалпы адамзатқа қауіп әкелетін кесел. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарлама тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды. Өкінішке қарай, елдің дамуына кері әсер ететін кесел халық сенген қызметкерлер арасынан шығуда. Содан болар, көпшілік мемлекеттік қызметті табыс көзіне балайды. Осы түсінікті жоймай, мемлекеттік қызметкерлерге деген көзқарас түзелмейтіні де ақиқат.

Жемқорлықты тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Осы мақсатта азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынас орнатып, азаматтар санасына жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзімсіздік қалыптастырудың маңызы зор.  Олай дейтініміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп жұмыс істеуі, елімізді өркендетуге және ел халқының әл-ауқатын арттыруға жол ашады. Жемқорлықтың түп-тамырында заңды құрметтемеу жатыр. Бізде ондай әрекеттер болмау үшін әр тоқсан сайын сотта мониторинг жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастырылады. Себебі, сотқа келушілер пікірлерін білу маңызды. Аудандық прокуратура, Ішкі істер басқармасы, әкімшілік өкілдерімен бірлесіп, жемқорлық пен парақорлықтың мемлекеттің дамуына тигізер зардабы насихатталады. “Төрелік” бағдарламасы жұмыс істейді. Электронды қылмыстық іс жүргізу, яғни, “Е-қылмыстық іс” бағдарламасы қылмыстың тіркелуінен, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейінгі қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды.  Тұңғыш президенттің 100 нақты қадам ұлт жоспары мен жолдаулары аясында IT-жобалар іске асырылуда. Сот процесстерінде аудио-бейне жазбалар қолданылады. Сот кабинеті мен ақпараттық киоскі, т.б. осы секілді ақпараттық технологиялардың сот өндірісіне дендеп енгізілуі, жүйе ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда. Қазақстанның сот жүйесін реформалауда қабылдаған шараларын ЭЫДҰ хатшылығы мен сарапшылар оң бағалады. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” туралы заңға сай, мемлекеттік органдар, ұжымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттіктерінің шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Елбасы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында, Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және мәңгілік ел болу ежелгі ата-бабалар салған сара жолдан бастау алатынын атап көрсетті. Мәңгілік Ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шара сыбайлас жемқорлықпен күрес екенін жас ұрпақ санасына сіңіру міндет.

 

Дінасыл Жанатқызы,

Алматы қаласының

Түркісіб аудандық сотының судьясы

 

 

 

Комментарий