Талқыдағы тақырып

Жапонияда қай жерде жарыс немесе мереке болмасын, халықтың өзі жиыннан кейін тап таза етіп тазалап кетеді

Жапондар мектептегі балаларға күнделікті сабақ оқитын сыныптарының бөлмесін мұнтаздай етіп тазалап кетуді о баста үйреткен. Жапонияда қай жерде жарыс немесе мереке болмасын, халықтың өзі жиыннан кейін тап таза етіп тазалап кетеді. Негізі барлық жақсылық атаулының бастамасы – тазалық пен мәдениеттен басталады. Онсыз ғылым да, прогресс те, өркениет те жоқ. Өткенде аптауызда бір жерге бара жатыр едім, ішінде адамдар көп, ішкен жегендерінен босаған баклашкалар мен қоқыстарын далаға лақтырып кетіп бара жатыр. Бір кезде жанымдағы адамдар да лақтыра бастаған еді, бір жігітке: мынауың сенің дұрыс емес. Одан да осы аптауыздың ішіне тастай салшы, өздері кейін жинап алады, дедім. Көзім көріп тұр, көз алдымда болып жатыр осы тірлік. Енді көріп тұрғаныңды өтірік деп айтасың ба? Қоғамдық орындарды ауызға алмай тұра тұрайын.
Мынау суретте де сол. Қазақтар, мұны жасап отырған қазақтар. Кино залындағы қазақтар. Мәдениетсіз, лас, отырған жерлерін былғап жүресіңдер десем, мені жан жақтан талап тастамаңыздар. Бірақ солай. Бұл суретті Жолымбет Мәкіштің парақшасынан алдым.

Ты ты ты, бізге өркениетті қоғамға жету үшін 50 жыл керек. Қоғамдық сананы өркениетке трансформацияламай, бізге өркениет деген ауыл әлі қайдааааа, алыссссс..

Бекболат Қаржан

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий