Талқыдағы тақырып

Түйгенім, біздің халыққа өзін дамытудан асқан пайдалы жол жоқ.

Ары ойлайсың, бері ойлайсың. Оқисың. Көресің. Түйгенім, біздің халыққа өзін дамытудан асқан пайдалы жол жоқ. Бізді басқа ешнәрсе құтқармайды. Ағылшын тілін білмейтін жастарымыз қаншама?! Өз саласы бойынша ғылыми еңбектерден мүлде хабары жоқ жандар да жетерлік. Кітап оқу дегеннен ақсап тұрғанымыз жасырын емес. Нетуоркинг төмен. Өзге ортамен араласып, солармен дос болып кету қабылетіміз жоғары емес. Мақсат қою, мақсат жолында кедергілерді жеңу мүмкіндігіміз де әлсіз. Саяхаттау санамызға әлі сіңбеген.
Үкіметтегі, елдегі проблема, жемқорлық, сатқындық бұрын да болған қазір де бар, ертең де болады. Жылдар бойы қордаланған мәселені біздің 4-5 постымыз шешпейтінін түсіну керекпіз. Энергияны шешілмейтін проблемаға емес, өзіміздің дамуымызға жұмсасақ көп нәрсеге биіктен қарайтын едік. Ертең бала-шағамызға да сол деңгейде тәрбие беріп, олардың да ойлау жүйесін дұрыстар ма едік.

Берік Сұлтан

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий