Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктер республиканың оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтты.
“Жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде нөсер болады. Күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін”, – деп жазылған хабарламада. Тек республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірақ ыстық біртіндеп төмендейді, ауаның ең жоғары температурасы плюс 33…40°С шамасында болады. Ірі қалалардағы ауа райы 25 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында түнде +14 , күндіз +26 градус шамасында болады. Аздаған жауын жауады. Алматыда күн ашық. Түнде +23 , күндіз сынап бағанасы + 30 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде +24,  күндіз +36 градус болады. 26 шілде күні астанада түнде +15, күндіз + 24 болады. Күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жұма күні Алматыда күн ашық, түнде +20, күндіз +32 градус болады. Шымкентте түнде +21, күндіз +36 градус ыстық. Сенбі күні астанада түнде +14, күндіз + 25. Аздаған жаңбыр күтіліп отыр. Алматыда күн ашық, түнде +20, күндіз +30 градус ыстық болады. Шымкентқаласында ыстық сақталады. Түнде +24, күндіз 36 градус ыстық.

Дереккөз: Қазгидромет

Комментарий