Судья мінбері | Судебная система

Сот жүйесіндегі жаңа реформалар

2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын ел назарына ұсынғаны бәрімізге белгілі. Стратегияда әр саланың жұмыс барысын, алға қойған биік мақсаттарын жүйелеп жүзеге асыру міндеттілігі жүктелген. Қазақстан Республикасының әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуы межеленген. 

Бүгінгі таңда жас мемлекетімізде сот жүйесінің өзіндік функциясына лайық, қандай да бір мүдделілікке мойын бұрмай, қара қылды қақ жарып төрелік айтатын жағдай қалыптасқан. Судьялар заңдық тұрғыдан да, материалдық қамтамасыз ету тұрғысында да тәуелсіздік деңгейіне жеткен. Бұл бағытта мемлекет тарапынан да жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, жүргізіле де бермекеші.

Елбасы өзінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында азаматтардың іскерлік белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру қажеттігін, соған сай ұлттық құқықтық стандарттармен сәйкестендіре отырып, қылмыстық жазаны ізгілендіру жөніндегі реформалар жүргізу керектігін айтқан болатын. Осы орайда елімізде бірқатар қодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп бекітілді. Осылайша, аталған заңдар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Жаңа кодекстердің бұрынғыларынан едәуір айырмашылықтары бар. Біріншіден, бұл Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің құрылымындағы өзгерістерге қатысты.

Ескі қылмыстық кодекс 393 баптан тұрса, жаңасындағы баптардың саны 467-ге дейін көбейген. Статистикаға жүгінсек, соңғы жылдары елімізде қылмыс саны азайған.

Бүгінде мемлекеттік органдар адамды айыптау амалынан біртіндеп ауытқып, олардың құқын қорғау арнасына түсіп келеді. Мұның бәрі ауыр дәрежелі қылмыстарды орта дәрежелі қылмыстарға ауыстыру арқылы жүзеге асуда.Сот жүйесі уақыт талабына сай іргелі өзгерістерді бастан кешіріп, өз дамуында сапалық жаңа деңгейге көтерілгеніне барлығына куәміз. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде сот төрелегін жүзеге асыру бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау) үш сатылы жүйесіне (бірінші, апелляциялық, кассациялық) көшті. Бұл дегеніміз, аудандық оған теңестірілген соттар бірінші саты болып есептеледі. Бірінші саты шығарған соттың шешіміне қанағаттанбаған тарап апелляциялық сатыға, яғни облыстық сотқа шағымдана алады. Шағымданушы тараптар осы сатыда қабылданған шешім жан-жақты қаралып, оңды шешім қабылданды деп келіспеген жағдайда, тараптар одан әрі Жоғарғы Соттың құзыретіндегі кассациялық сот алқасына шағымдануға құқысы бар.

Бакиева Салима Абдулрахмановна, Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Комментарий