Жаңалықтар | Новости

Жемқорлық-індет,-жою міндет!

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесінің басшылығының  ынтагерлігімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің Превенция басқармасынының ерекше жұмыстар жөніндегі офицері Алмагүл Ерсінқызы Кенебаеваның қатысуымен мекеменің жеке құрамымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында,  Алмагүл Ерсінқызы өз кезегінде жеке құрамға, жемқорлықпен күресуге және оның алдын алу бойынша  жұмыс жүргізуге шақырды.

Соынмен қатар, қазіргі таңда жемқорлықпен күрес бұл біздің елдің ғана проблемасы емес, бүкіл әлемнің жаһанды проблемасы екенін айта кетті. Қазіргі таңда ТМД және шетел мемлекеттерімен тәжірибелік алмасу жүргізу арқылы алдағы уақытта көптеген жоспарлар мен шаралар ұйымдастырылып отқанын жеткізді.

Бұнымен қоса, жемқорлыққа, яғни пара алу мен пара беру фактілері бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қатаңдатылғаны көрсетілді.

Айта кететін жайттың бірі, қандай да бір тұлға, жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылып,  жазалау шарасы мерзімін толық өтейтідігін ескертті.

Мекеменің жеке құрамымен, Алмагүл Ерсінқызына біршама сұрақтар қойылып, қызметіндегі тәжірибеде болған жайттарды мысал ретінде келтіре отыра, қанағаттанарлықтай толық жауаптар берілді.

Кездесу соңында «жемқорлыққа — жол жоқ» тақырыбы аясында бейнероликтер көрсетілді.

Осындай жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұратын болса, келешекте осындай ғаламдық індеттен айығуға әсер ететін қадамдардың бірі болатынын – Алмагүл Ерсінқызы қызы  әсерлі сөздерімен түйіндеді.

 

Нұр-Сұлтанқаласы бойынша

ҚАЖ департаменті

ЕЦ-166/1 мекемесінің

Кадр саясаты бөлімі

Комментарий