Жаңалықтар | НовостиҚұқық | Право

“Әділдік жолы” өз жұмысын бастады

Қазіргі таңда кез-келген мемлекетте азаматтық қоғам — орасан күш. Әлеуметтік, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу барысында үкіметтік емес ұйымдардың атқарар маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықты жою барысында да мемлекеттік органдар тарапынан тек біржақты әрекет ету нәтижесіз екендігін, ол үшін үшін берік азаматтық қоғам керек екенін әлемдік тәжірибенің дәлелдеп отырғаны рас.

Қаламыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, атқарылатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалы өз жұмысын бастағанын хабарлаймыз.

Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары — халықтың құқықтық білімін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және парасаттылық идеологиясын алға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыста қоғамды жұмылдыру, жемқорлыққа алып келетін себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтарын қорғау мақсатында аталмыш бірлестіктің Шымкент қаласындағы филиалы Шымкент қаласының Заң Консультанттары Палатасымен өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойды. Нәтижесінде қала халқының кез-келген түйткілді мәселесі бойынша біздің бірлестікке жүгінуге болатынын, заңгерлер тарапынан тегін құқықтық кеңес берілетінін мәлімдейміз.

Егер де Сізге құқықтық көмек қажет болса немесе сыбайлас жемқорлық көрінісі бойынша қандай да бір хабарламаңыз, арыз-шағымыңыз болса: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1Г, “ЭСКО” БО, 4-қабат, 412 кеңсе мекен-жайына немесе +77078173779 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.

 

“Әділдік жолы” РҚБ Шымкент

қаласындағы филиалының басшысы

Айжан Өмірзаққызы Кесебаева

Комментарий