Судья мінбері | Судебная система

«Тәуелсіздік — халықтың үні»

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Касиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де әрқашан бәрінен биік тұрады. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті.

Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн, еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Еліміздің рәміздері, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз, асқақтай шырқалатын ән ұранымыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырған, жаңа Астанамыз дүниеге келді.

Осы біздің елдегі халықтардың басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңдары мен Конституциямыз. Халқымыздың абыройы мен құқығын және мемлекеттің мүддесін қорғау үшін барлық аталмыш Ата Заңдарымызға сот төрелігін арттыру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады.

Жыл сайынғы Елбасының халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталады. Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының сот приставы Т.Кафезов

Комментарий