Әлемде | В мире

«Екі стакан арақ ішкізген»: алкогольден уланып қаза тапқан баланың өліміне күдікті ұсталды

Ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, баланың анасымен бірге арақ ішкендер балаға екі стакан арақ ұрыттауға мәжбүрлеген.

Қырғызстанның Шу облысы Жайыл ауданында алгокольден уланып қаза тапқан алты жастағы баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметіhttps://sn.kz/

Шу облыстық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, бірнеше адам тергелген. Соның нәтижесінде марқұмның анасымен бірге тұратын 60 жастағы кісінің 31 жастағы баласы ұсталған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

20 шілдеде Жайыл ауданының алты жастағы тұрғыны алкогольден уланып қаза тапты. Ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, баланың анасымен бірге арақ ішкендер балаға екі стакан арақ ұрыттауға мәжбүрлеген.

Есінен танған баланы Жайыл аудандық ауруханаға жеткізген. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірнеше күннен соң бала есін жимастан қайтыс болды.

Комментарий