Жаңалықтар | Новости

ҮЗДІК АНЫҚТАУШЫ СЫР ЕЛІНДЕ

ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында тергеу, анықтау, криминалист мамандарының арасында Республикалық сайыс өтті. Оған барлық облыстық Полиция Департаменттерінің өз саласының майталман қызметкерлері қатысты. Білім мен біліктілік сынға түскен додада жерлесіміз Жаңақорған АПб-нің аға анықтаушысы Абжалов Бақытжан жеңімпаз атанды.

Қызылорда облысының Полиция департаментінің намысын қорғау үшін қатысты. Үздік полицей Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №566 бұйрығымен 2021 жыл өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ІІМ-нің І-дәрежелі дипломмен және үш лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай және бағалы сыйлықпен марапатталды. Аймақ намысын қорғаған Қызылорда ҚПБ Тб-нің тергеушісі Тәуекел Ержан және Қызылорда ОПД ЖКБ-ның аға криминалист маманы Райханов Ілияс белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Комментарий