Жаңалықтар | Новости

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері онлайн-режимде кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері онлайн-режимде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің төртінші курс студенттерімен «Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. ZOOM бейнеконференция бағдарламасы арқылы сағаттық іс-шараға мекеменің кадр бөлімінің қызметкері және университет түлектері қатысты.

Кездесудің мақсаты әлеуметтік желілер арқылы жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін студенттерді тарту, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің оң имиджін насихаттау болып табылады.

ЕС-164/3 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Евгения Клепикова түлектерге қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке тұру тәртібі, әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып, үміткерлерді іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, денсаулық жағдайы мен дене дайындығына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. ЕС-164/3 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Рүстем Рахметов қатысушыларға жұмыстың ерекшелігі туралы ақпаратты жеткізді және университет мамандарының жоғары дайындық деңгейін ескере отырып, түлектерді жұмысқа шақырды.

«Тағылымдамадан өтушілерді қылмыстық-атқару желісі бойынша арнайы бастапқы даярлықта оқыту мерзімі 3 айды құрайды. Қылмыстық-атқару жүйесі үшін адал, білімді, мықты, батыл және шыдамды мамандар қажет. Қызметке кіргісі келетін үміткерлерге ЕС-164/3 мекемесінің кадр саясаты бөліміне 1-ші Заречная көшесі 100 мекен-жайына немесе 8(7152) 505455 нөміріне қоңырау шалу қажет», — деп нақтылады әділет подполковнигі Рүстем Рахметов.

Онлайн-кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Комментарий