Жаңалықтар | Новости

Сотталғандардан мемлекетке, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға 41 млн теңге өндірілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың сот үкімі бойынша атқару парақтары мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына қарыздары толықтай өндіріліп жатыр.

Мекеменің қаржымен қамтамасыз ету тобының қызметкерінің айтуынша Арнайы есепке алу тобынан мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тізімі алынып, олардың ішінде қарызы барлары тексеріледі. Негізі атқару парақтары сотталғанның жеке ісімен бірге келіп, сот үкімінде көрсетіледі. Егерде атқару парағы болмаған жағдайда мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға сұрау жіберіледі.

Осы сұраулардың нәтижесінде келіп түскен атқару парақтары, сотталғандардың қарыздары еңбек ақыларынан ұсталып мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына жіберілуде. Сот үкімі бойынша қарыздарын өтеу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 41 млн.теңге мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына өндірілді дейді маман.

Сотталғандардың арасында өз еркімен қарыздарын толық өтеген азаматтар да бар. Сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімі бірінші кезекте осы атқару парақтары бар сотталғандарды жұмысқа орналастырады. Атқару парақтары бар жұмыс жасап жүрген сотталғандардың жалақыларынан 50 пайызы ұсталады.

Сотталғандар сотқа мерзімінен бұрын босатуға, жазасының өтелмеген бөлігіні неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруға өтініш жазған уақытта осы атқару парақтарының төленгендігі де сотта ескеріліп, соттан өтуіне жеңілдік болады дейді маман. Бұл азаматтарға атқару парақтары бойынша мемлекет пайдасына өндірілетін өтелімдерінің толық орындалғандығы туралы анықтама береміз. Сотталғандар арасында соттың қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі айыппұлға ауыстырылып, айыппұлды толық төлеп, мекемеден босатылып жатқан сотталғандар да бар.

Атқару парақтары толық орындалған соң, сот орындаушыларға атқару парақтары кері қайтарылады.
Әрбір азамат мемлекет заңдарын сақтауға, сот шешімін орындауға міндетті.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий