Жаңалықтар | Новости

Тұрғын үй алды

СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінің инспекторлары тұрақты негізде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көмек көрсетеді, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Бастау бизнес» жобасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Осы бағдарлама бойынша СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету шеңберінде сотталған Владимир «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша оқуға жіберілді, оны аяқтағаннан кейін ол сертификат алды және өз ісін ашуды жоспарлап отыр.

2,5 жылға бас бостандығын шектеу үшін сотталған Владимир жеке баспанаға мұқтаж болды. СҚО бойынша ҚАЖД ПҚБ инспекторларының көмегінің арқасында ол Есіл ауданының Явленка аудан орталығында сатып алу құқығымен жаңа үш қабатты үйден жалға берілетін тұрғын үй алды. Орталық жылытуы бар пәтерді жалдау сомасы ай сайын 6816 теңгені құрайды, бұл кейіннен сатып алудың жалпы сомасына кіреді.

Владимирдің отбасы көпбалалы. СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының ПҚБ инспекторлары жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетеді, сондай-ақ оларға қажетті азық-түлікпен, маскалармен және санитайзерлермен көмектеседі.

 

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Комментарий