Қоғам | ОбществоТағдыр | Судьба

Іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен”: Шымкентте төрт жасар қыз өлі табылды

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Шымкентте ескі гараждардың бірінен төрт жасар қыздың денесі табылды. Полиция болған оқиғаны растады, деп хабарлайды “Отырар” басылымы. https://sputniknews.kz/

Басылымның мәліметіне сүйенсек, отбасының жақын туысы күндіз сағат үш кезінде қыздың ата-анасының үйіне барады. Қыз баланың жоқтығын байқаған әйел уайымдап, сәбиді іздеуге шыққан, алайда екі сағаттай іздеп, таппаған соң, учаскелік полицейдің көмегіне жүгінеді. Әйел мен полиция қызметкері қараусыз қалған гараждардың бірінен баланың жансыз денесін тауып алыпты.

Әйел адамның айтуынша, қыз баланың іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен екен. Оқиға орнына келген әкесі сәбидің денесін үйіне алып кетеді. Сол жерде криминалистер мәйітті сараптамаға жөнелткен.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді.

 

Комментарий