Жаңалықтар | Новости

Елімізде мұғалімдердің жалақысы 375 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге дейін өседі

Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлары туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 млн азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін олардың еңбекақысын жыл сайын арттыру жоспарланып отыр. Яғни 651 мың адамды қамтылады. Оның ішіне, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттары кіреді.

Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі. Ал 2023 жылға қарай екі есе өседі, яғни 375 мың теңгеге дейін.

 

Сондай-ақ дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни 561 мың теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтеріліп отырады. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі.

Комментарий