Жаңалықтар | Новости

«Өкпе, реніштен арылу»…

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталған азаматтарға арналған «Өкпе,реніштен арылу» тақырыбында шара өтті.

Мекеме психологы С. Кеңестің ұйымдастыруымен өткізілген шараға жаза мерзімін өтеп жүрген азаматтар мен азаматшалар қатысты. Психолог маман өкпе мен реніштен құтылудың жолдары мен тәсілдері туралы айтып, іште сақтаған реніш ауру етуі де мүмкін деді.

Олар қағаз бетіне өз эмоцияларын білдіріп сурет салып, психолог маманмен еркін пікір алмасып, сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Комментарий