Саясат | Политика

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов пен Айдын Құлсейітов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.https://www.inform.kz/kz

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды; Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген құжатта.

 

Комментарий