Мәдениет | Культура

Қостанай қаласында Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығы ашылды

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында елімізде тұңғыш рет Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Германия, Словения, Болгария, Қазақстан сарапшылары қатысты. Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов өз сөзінде атап өткендей, Қостанай академиясы ҚР ІІМ жүйесінің ведомстволық оқу орны болып табылады. Оның бағыттарының бірі қылмыстық-атқару жүйесі үшін қызметкерлерді даярлау. Осыған байланысты, бүгінде осы бағыттағы халықаралық құқықты кеңінен зерделеу үшін БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен Қазақстанда аналогы жоқ Нельсон Мандела ережелерінің орталығы ашылды.

 

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай

академиясының баспасөз қызметі

Комментарий