Әлемде | В мире

Дипломаттар “Түрікменстан президенті қайтыс болды” деген ақпаратқа ресми жауап берді

Түрікменстандық дипломаттар президенттің дүниеден озғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түрікменстанның Ресейдегі елшілігі мемлекет басшысының көз жұмғандығы жайлы ақпараттың өтірік екенін мәлімдеді.

“Бұл жалған ақпарат”, — деді дипломатиялық миссияның өкілі ТАСС басылымына.

Түрікменстандық көшбасшының қайтыс болғаны жайында “Говорит Москва” радиостанциясында айтылды. Радио қызметкерлері бұл ақпаратты Еуразиялық мәселелердің мониторинг орталығының директоры Аслан Рубаевтың сөзіне сүйеніп таратқан екен. Рубаевтың сөзінше, саясаткер демалыс кезінде көз жұмған.

Гурбангулы Бердымухаммедовтың өлімі жайында оппозицияға тиесілі түрікменстандық интернет-арналар да хабарлады. Олардың айтуы бойынша, президент 20 шілдеде қайтыс болған. Ал мемлекеттік БАҚ 21 шілдеде президенттің дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтағанын жазған еді.

Комментарий