Жаңалықтар | Новости

Ақтауда жарылыс болды

Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылыс видеосы Ақтаудағы 29А шағынауданындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыс 7 қарашада сағат 21.20-да болған (астана уақыты бойынша сағат 22.20-де).

ТЖМ мәліметінше, Ақтаудағы 29А шағынауданында екіқабатты «Аянат» мейрамханасында жарылыс болған. Жарылыс неден шыққаны белгісіз.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Комментарий