Экономика

Болашақ аналарға босануы мен жүктілік кезінде берілетін біржолғы жәрдемақының көлемі қысқартылды

Босануы мен жүктілік кезінде берілетін біржолғы жәрдемақы көлемінің қысқартылғанын білген болашақ аналардың көңілін кірбің шалды. Бұл туралы алматылық әйел кездейсоқ білген. Ол бұрынғы алып жүрген формула бойынша көлемді есептеп көрген. Алайда,  іс жүзінде 800 мың теңгеге аз шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі  31 арнаға сілтеме жасап.

Айгерім Сексенбаева екінші сәбиіне жүкті. 1 маусымнан бастап ол egov.kz сайтында көрсетілген жәрдемақы көлемін есептеп, декреттік демалысқа шыққан. Ол жерде декреттік жәрдемақының көлемі төменгі айлықпен 42 500 теңгеге тең деп көрсетілген. Енді мұны онға көбейткенде декреттік демалыстың ақшасы шығады. Бірақ Айгерім есептегенінен аз ақша алған.

“Декреттік демалысқа кететін әйелдің алатыны бір миллионға жетуі керек еді. Алатын жалақымды есептеп, осы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарымды тапсыруға бардым. Бірақ он күннен кейін маған келіп түскен ақша көрсетілген миллионға да жетпейді”, – дейді алматылық.

Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының Алматыдағы филиалының хабарлауынша, осы жылдан бастап заңға өзгеріс енгізілген. Осы жылдан бастап  42 500 теңге бұрынғыдай онға емес, жеті есеге ғана көбейтіледі.

Шенеуніктер 2013 жылы болашақ аналарға босануы мен жүктілік кезінде берілетін біржолғы жәрдемақының көлемі қысқартқан еді. Сол кезде аналар жиналып, өз қарсылықтарын білдірген болатын. Бірақ ешеқандай нәтиже шығара алмаған.

Комментарий