Жаңалықтар | Новости

ҚазҰУ-да «Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

2021 жылы 5 қараша күні сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

«Мәңгілік Ел» сағаты архитектуралық құрылысы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бастамасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынды. Бұл Тимирязев көшесі бойындағы – «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасынан бастау алатын «Мәңгілік Ел» орталық аллеясының жалғасы.

Салтанатты шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, жоба меценаттары, университеттің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастар қатысады.

Комментарий