Шулы іс | Громкое дело

20 жылға сотталмақ: АҚШ Қазақстанның 43 жастағы тумасын айыптап отыр

АҚШ билігі Қазақстаннан шыққан 43 жастағы Руслан Асаиновты ислам мемлекетінің террористік тобына қолдау көрсетті деп айыптап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, Асаинов Сирияда ислам мемлекетінің жағында бес жыл соғысқан. Кейін оны АҚШ одақтасы «Сирия демократиялық күштері» тұтқындап, америка билігіне тапсырған.

Аталған министрлік Асаиновтың шабуылдаушыларды жаттықтырып, мерген болып жұмыс істегенін айтады. Осы үшін ол «эмир» атағын да алған.  Сондай-ақ, олар Асаиновты бір азаматты Нью-Йорктегі полициядан хабар алып беріп отыруға үгіттеді деп айыптап отыр.

АҚШ заңына сәйкес, 43 жастағы Руслан Асаиновтың кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Комментарий