Жаңалықтар | Новости

Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінің пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы ұсынысы қаралды

Тайынша аудандық сотымен СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінің пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы ұсынысы қаралды.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны өтеуге сотталғандар берілген түзету мүмкіндігін пайдаланбай, жазаны өтеу шарттарын бұзады.

Мәселен, Тайынша ауданының ПҚБ есебінде тұрған екі сотталғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімі 2 айға ұзартылды.

Тайынша ауданының ПҚБ есебінде тұрған Р. азаматы өз тарапынан бұзушылықтарға жол берді, СҚО бойынша ҚАЖД Тайынша ауданының ПҚБ-не дәлелді себепсіз тәрбие іс-шараларын өткізуге қатысу және тіркеу үшін келмеді, осылайша өз тарапынан шартты түрде соттау түрінде жазаны өтеудің бұзылуына жол берді.

Екінші сотталғанға қатысты Көкшетау қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сол арқылы сотталған адам пробация қызметіне хабарламай әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен шығып, сот жүктеген «уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпау» міндетін бұзған», оларға қатысты пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы сотқа ұсыныс жіберілген.

Сотталғандар жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің бұл ұсынысын қанағаттандырып, шартты түрде соттау түріндегі жазаны 2 айға ұзартты.

Тайынша ауданының ПҚБ инспекторы

әділет аға лейтенанты Нурахметова С.К.

Комментарий