Жаңалықтар | Новости

«Тәтті» сыйлық

Ұзақ мерзімді кездесулерге келген сотталғандардың туыстарымен СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің мекемелерінде сотталғандарға тамақ өнімдерін беру және бірінші қажеттілік қағидалары мен тәртібі туралы түсіндіру әңгімелері жүргізіледі. Сондай-ақ оларға мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып өткені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі.

Алайда, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, сотталғандардың туыстары тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әртүрлі тәсілдермен әкелуге тырысады. Мәселен, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесіне (СҚО, Заречный кенті) «К.» ұлымен ұзақ кездесуге келген «Н.» азаматшасынан «Қазақстан» шоколадынан заттар мен азық-түлікті жеке тексеру кезінде 1000 (бір мың) теңге көлемінде ақша табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабына сәйкес материал жасалып, шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азаматша «Н.» «ескерту» және ұлымен бір жылға ұзақ кездесуден айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Қайта жасалған теріс қылық жағдайында оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР ӘҚБтК 481-бабының 2-бөлігіне сәйкес 30 тәулікке дейін қамауға алынатын болады.

Тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізбеу туралы қпарат сотталғандардың туыстарын хабардар ету үшін күту бөлмелеріндегі стендте орналастырылған.

 

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Комментарий