Жаңалықтар | Новости

Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті — БҰҰ

БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл — тарихи рекордтық көрсеткіш, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл — бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш», — деді ол.

Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.

Комментарий