Жаңалықтар | Новости

Ғалымдар COVID-19-дың ұзаққа созылатын салдарын атады

Ғалымдар есте сақтау қабілетінің жоғалуы коронавирус инфекциясының ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мамандар Нью-Йорктегі Синай тауы денсаулық сақтау жүйесінің клиникалар желісі 740 пациентін тексерді. Экспериментке қатысушылардан деменция белгілері анықталған.

JAMA Network Open журналында жарияланған зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан айыққан адамдардың 24 пайызында есте сақтау процесіне байланысты мәселе туындаған. Тағы 23 пайызы басындағы ақпаратты есіне түсіре алмаған.

Ауруханаға жатқызылған науқастар жеңіл инфекциямен ауыратындарға қарағанда зейін мен өнімділік, психикалық күйзеліске байланысты тапсырмаларды орындау жылдамдығында қиындықтарға тап болған. Сонымен қатар, олар үшін белгілі бір критерийлер бойынша сөздерді ойлап табу қиынырақ болған. Мақалада тәжірибе барысында олардан «С әрпі бар сөздерді атауды немесе кез келген жануарларды ретімен жазуды сұрғанын айтқан.

Сарапшылардың пікірінше, вакцинация коронавирустан қорғанудың ең сенімді жолы болып қала береді.

Комментарий