Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1 699 адамнан коронавирус анықталды

Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 699 адам тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия деректеріне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 934 387-ге жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 130, Алматы қаласында — 226, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 138, Ақтөбе облысында — 53, Алматы облысында — 130, Атырау облысында — 27, Шығыс Қазақстан облысында — 111, Жамбыл облысында — 24, Батыс Қазақстан облысында -50, Қарағанды облысында — 140, Қостанай облысында — 126, Қызылорда облысында — 40, Маңғыстау облысында — 13, Павлодар облысында — 252, Солтүстік Қазақстан облысында — 156, Түркістан облысында — 37.

Қазақстанда 2 284 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 292,
  • Алматы қаласында — 550,
  • Шымкент қаласында — 54,
  • Ақмола облысында — 138,
  • Ақтөбе облысында — 101,
  • Алматы облысында — 129,
  • Атырау облысында — 7,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 173,
  • Жамбыл облысында – 19,
  • Батыс Қазақстан облысында — 84,
  • Қарағанды облысында — 150,
  • Қостанай облысында — 225,
  • Қызылорда облысында — 11,
  • Маңғыстау облысында — 55,
  • Павлодар облысында — 144,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 118,
  • Түркістан облысында — 34.

Елімізде барлығы 878 983 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 27 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 234 777 адам, 2-компонентін 7 421 169 адам салдырған.

Комментарий