Жаңалықтар | Новости

Халық санағынан 18 миллионнан аса қазақстандық өтті

27 қазандағы жағдай бойынша, халық санағынан 18 111 266 адам немесе халықтың 95,2 пайызы өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген — 108,2 пайыз.

«1 тамыздағы жағдай бойынша, мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұратын болса, онлайн санақ пен интервьюерлер сауалнамасының аралық нәтижесі бойынша санақтан өткен респонденттер саны 2 170 715-ке жеткен», — деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл (101,5 пайыз), Алматы (101,4 пайыз), Түркістан (100,7 пайыз) облыстарында және Шымкент қаласында (100,6 пайыз) байқалады.

Комментарий